Энергетика министрі орынбасарының парамен ұсталуына қатысты ойын айтты

newtimes.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің басшысы қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тарты.

Үкімет отырысынан кейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өз орынбасарларының қамауға алынуы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің министрліктің вице-министрі және департамент басшылары қамауға алынды. Бұл жағдай энергетика министрлігінің ұжымына ауыр соққы болды», - деді министр журналистерге.

Сонымен қатар Қ.Бозымбаев ҚР Энергетика министрлігінің осы кезеңінде ештеңе түсіндіре алмайтынын атап өтті.

Дәл қазір кез келген сұрақтарға тергеу органдары мен осы адамдардың адвокаттары пікір білдіруі керек. Өз тарапымнан министрліктің ештеңе білмейтінін айтқым келеді, себебі материалдардың барлығы тергеу органдарының қолында,- деп сөзін түйіндеді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурызда Энергетика министрінің орынбасары Ғани Садыбеков, «Аймақ» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысымен келіссөздер барысында бюджеттік қаржыны жымқырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды