Астанада бір күнде 33 адам көшеде жарақат алды

elorda.info
Бұған дейін Астанадағы Ғабдуллин көшесіндегі үйлердің бірінің үстінен құлаған мұз аралас қар кетіп бара жатқан әйелдің үстіне түсіп кеткен.

Кеше ауа-райының қолайсыздығынан Астананың 79 тұрғыны жарақат алып, «Травматология және ортопедия институты» ҰҒИ-ның травм пунктіне келді, деп хабарлайды Елорда инфо аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 наурызда мекеменің травм пунктіне 72 адам жүгінді. Оның 33-і жарақатты көшеде алды. Ал 7 наурызда сағат 8.00 мен 10:00 аралығында жеті адам келді, оның бесеуі көшеде жарақаттанған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметі травм пункт штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Бұған дейін Астанадағы Ғабдуллин көшесіндегі үйлердің бірінің үстінен құлаған мұз аралас қар кетіп бара жатқан әйелдің үстіне түсіп, нәтижесінде ол кеуде қуысы жарақатын алған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Өскеменде экзитпол қалай өтіп жатыр: супервайзер сайлаушылардың белсенділігін бағалады