Астананың қоршаған ортаны қорғау полициясының мамандары «Хан шатыр» ОСО артына тұрмыстық нәжісті төккен жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен заңсыз қоқыс қалдықтарын, қарларды, лас сұйықтықтарын төгуге жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жүргізіліп отырады.
Сонымен бірге тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары тұрғылықты түрде жүргізіліп отырады.
«Есіл аудандық ІІБ ЖПҚ табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен «ГАЗ-330700» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1987 жылы туған азаматтың Қонаев көшесіндегі «Хан Шатыр» ОСО-ның артында белгіленбеген орында зәрнәжіс суын төккені анықталды. 31- жастағы құқық бұзған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК (24 050 тг) көлемінде айыппұл салынды», - делінген ЖПҚ таратқан хабарламада.
Ағымдағы жылдың басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарларды шығарып, лас сұйықтықты төккен 82 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы соммасы 2 млн. 400 мың теңгені құрайды.