Атырауда теріс діни ағымда жүргендер балабақша ашып жатыр

sputniknews.kz
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметін ешкім бақыламайды, деп отыр облыстық дін істері басқармасы.

Атырауда деструктивті діни ағымды ұстанушылар балабақша ашып жатыр. Мектепке дейінгі білім мекемелерінің қызметін ешкім бақыламайды екен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Қошқалиев мәлім етті, деп жазады sputniknews.kz порталы.

"Бүгінде мұндай балабақшалардың Нұрсая шағын ауданында, Сейфуллин көшесінде және қаланың тағы бірнеше жерінде ашылғаны белгілі болып отыр. Мұндай балабақшаларды ашу үшін лизенция керек емес, тіпті олардың қызметін бақылайтын – педагогтарды тексеріп, оқу процесін, әдістемесін бақылайтын орган да жоқ. Қазір мүмкіндігі бар кез келген адам тек білім мекемесі ретінде есепте тұратын және мемлекеттен дотация алатын жекеменшік балабақша немесе шағын орталық аша алады", — дейді Қошқалиев.

Оның айтуынша, облыстық дін істері басқармасының мамандары дін істері министрлігіне балабақшалар мен басқа да мектепке дейінгі мекемелер үшін қайтадан лицензия енгізіп, бұл бағытты өз бақылауына алу өтінішімен хат жолдаған.

"Бүлдіршіндерімізді балабақшаға берген кезде, біз олардың болашағы үшін, сол мекемеде алып жатқан білімі мен насихатталып жатқан идеология үшін алаңдамауымыз керек. Сондықтан бұл мәселе қатаң бақылауға алынуы тиіс", — деді Қошқалиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады