Қостанайда көз жұмған оқушы қызды әкесі пышақтаған болуы мүмкін

sputniknews.kz
Оқушының әкесі қыздың анасын өлтіргені үшін сотталған және ата-ана құқығынан айырылған.

Қостанайда пышақталған 15 жасар қыздың әкесі пышақ жарақатымен ауруханада жатыр, оны полицейлер күзетіп отыр, деп жазады sputniknews.kz.

Кеуде тұсынан пышақталған ер адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Ол жан сақтау бөлімінен мамандандырылған ауруханаға ауыстырылды.

"Болжамдардың бірі бойынша ер адам алдымен қызын өлтіріп, содан кейін өзінің кеудесіне пышақ салған. Алайда күдіктінің өзі полицияның бұл болжамын жоққа шығарды ", — деп жазды "Наша газета" порталы.

17 жастағы қыздың денесін оны кішкентайынан қамқорлығына алған туысы тауып алыпты. Әкесі қыздың анасын өлтіргені үшін сотталып, екі жыл бұрын рақымшылықпен бостандыққа шыққан екен.

Достарының айтуынша, ол сол күні кешке әлеуметтік желілердің біріне үйінде жанжал ма, айғай шу ма, бірдеңе болып жатқанын жазған.

Қостанай облысы ІІД жасөспірімнің өліміне қатысты ресми хабарлама әзірленіп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған