Наурыз мерекесіне орай Астанада мың литр наурыз көже пісіріледі

www.24.kz
Отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастырылады.

Наурыз мейрамына орай Астанада мың литр Наурыз көже дайындалады. Ертеңнен бастап, республика бойынша Ұлыстың ұлы күні тойланады, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Елордада басты мерекелік бағдарлама ЭКСПО аумағында басталмақ. Мұнда қала қонақтары мен тұрғындары үшін этноауыл ашылып, қонақтар қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, армрестлинг және кір көтеруден сайысқа түсе алады.

Бұдан басқа демалушылар «Қой көтеру» ұлттық ойынында күш сынасып, алтыбақан тебу мүмкіндігіне ие болады.

Ал «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Дала қазығы» атты тарихи ортағасырлық жекпе-жек турнирі өтеді.

Сондай-ақ отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды