ШҚО-дағы Шемонаиха ауданын су басып жатыр

www.inform.kz
Қазір қарғын суды сорып, құмқап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кеше ШҚО-дағы Шемонаиха ауданынының Верх-Уба ауылында апаттық-құтқару қызметі тағы бір топ адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-ға көмек ретінде 3,5 млн теңге аударды «Су басқан үйлерден 65 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 13 бала бар. Тұрғындар уақытша туыстарының үйлеріне орналастырылды. Таңертең адамдардың басым бөлігі өз баспаналарына қайта оралды»,-деп жазылған хабарламада.

Судың көбеюіне толассыз жаңбыр мен жер қабатының тоң болып қатып қалуы себеп болған. Тау суының құйылуына байланысты Лосиха, Маралиха, Козлушка өзендері арналарынан асып кеткен. Уба өзенінде сеңнің кептеліп қалуы да жағдайды қиындатып жіберді.

Мұз кесектерін жүргізу үшін 720 келі жарылғыш заттар қолданылып, алдын ала жару жұмыстары жүргізілді.

Судан ең көп зардап шеккен ауылдар қатарында Верх-Уба және Выдриха ауылдары. Мұнда он шақты үйді су басты. Убинка, Первомай, Ново-Ильинка, Рулиха, Октябрь ауылдарында бірнеше аулаға су кіріп кетті.

Қазір қарғын суды сорып, құмқап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды