ОҚО-да жоғалған қыздың мәйіті табылды

otyrar.kz
Балаларды қараусыз қалдырмау, тілсіз жаудан абай болу қажеттігі жөніндегі насихат жұмыстары нәтиже бермей тұр.

26 наурыз күні Сарыағаш ауданында 7 жасар қыз жоғалып кеткендігі жөнінде хабарланған еді. Өкінішке қарай, кеше 28 наурыз кешкі сағат 20:10 шамасында 7 жасар қыздың мәйіті су арнасынан табылды, деп жазады otyrar.kz.

Полиция бөліміне арыз түсе салысымен іздеу жұмыстары жүргізілген-тін. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жалпы 150 ден астам адам жұмылдырылған болатын.

Бірінші сыныпта оқитын Инабат Мұхтарқожа Ақниет ауылындағы нағашыларына қыдырып барған екен. Түс әлетінде туыстары оны таппай қалған. 7 жасар қыз жоғалған Ақниет ауылы маңынан Таскен каналы өтеді. Туыстары жоғалған жеткіншектің сол каналға түсіп кетуі мүмкіндігін айтқан. Жоғалған қызды іздеуге сүңгуірлер жұмылдырылды.

Өкінішке қарай соңғы әлетте жас балалардың суға кету оқиғасы жиілеп кетті. Төтеншеліктер былтыр дәл осы уақытта суға кетудің бірде бір оқиғасы тіркелмегендігін айтқан еді. Балаларды қараусыз қалдырмау, тілсіз жаудан абай болу қажеттігі жөніндегі насихат жұмыстары нәтиже бермей тұр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз