Семейде су тасқыны кезінде тонау әрекеттерінің болғаны туралы ақпарат расталмады

www.inform.kz
Семейдегі табиғат апатының салдарынан 700-ден астам тұрғын үй мен жекежайларды су басқан болатын.

Семейде табиғат апаты болған кезде су басқан үйлерді тонаушылар пайда болды, деген қауесет тарап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджері арқылы қауіпсіз жерге көшіріліп жатқан адамдардың үйін тонап жатыр деген қауесет тараған болатын.

Бірақ полиция бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

«Қазірге дейін қарақшылық дерегі бойынша бірде-бір жәбірленуші өтінішпен келген жоқ. Эвакуация жасала бастаған алғашқы күндерден бастап-ақ су басқан аудандрды қатаң бақылауға алдық. Жер-жерде тәулік бойы полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар кезекшілікте», - дейді Семей қаласы ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспанов.

Еске сала кетейік, Семейдегі табиғат апатының салдарынан 700-ден астам тұрғын үй мен жекежайларды су басқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді