Ақтөбеде көмір бағасын қымбаттатқан компаниялардың ісі сотқа жіберілді

Аktobenews.kz
Мамандар көмір сатушылардың бағаны өзара келісіммен қымбаттатқанын анықтады.

Ақтөбе облысы бойынша көмір бағасын көтеріп отырған компаниялар анықталды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті тексеру қорытындысы бойынша сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы үшін қатты отын, яғни, көмір шалғай ауылдарға аса қажет. Биыл қазан, қараша айларында көмір тапшы болып, бағасы да өсті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сол кезде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаментіне тексеру жүргізіп, анықтауды тапсырған болатын. Мамандар көмір сатушылардың бағаны өзара келісіммен қымбаттатқанын анықтады.

«Екі көтерме көмір сатушы компания пайда табу мақсатында бірлескен іс-қимылдар туралы жазбаша келісім жасап, нарықтағы бәсекелестікті сақтамады. Бұл тұтынушы құқығын шектеу деп есептеледі. Қазіргі уақытта екі компанияға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тергеу материалдары сот органдарына қарауға жіберілді», — деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты