Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 63 өнімнің сынамасын алды. Оның 38 пайызы техникалық регламенттерді сақтамаған. Сүт пен құс етінен ішек таяқшасы тобындағы бактериялар анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Ақтөбе облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті наурызда адам өміріне қауіп төндірмес үшін құс еті мен сүт өнімдерінің сынамасын алды. Оның ішінде сүт өнімдері бойынша 45 сынама, құс етінен 18 сынама алынды.
Тағам сынамасының 38 пайызы техникалық регламент талаптарына сай келмеді. Соның ішінде 37,5% ішек таяқшасы тобындағы бактериялар анықталды. Ал 62,5% майдың массалық үлесі және май-қышқылды құрамы, таңбалаудан қателік жіберді.
«Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша Беларусь елінен әкелінген «Оригинальное» тауық бройлерінен ішек таяқшасының бактериясы, Salmonella enteritidis анықталды. Ресейдің Челябі елінен тасымалданған «Чебаркульская птица» компаниясының тауық бройлерінен де ішек таяқшасының бактериясы анықталды. Сонымен қатар, Ресейдің «Утиные фермы» компаниясы шығаратын үйрек филесі, құс еті сынамаға сай келмеді. «Уральский бройлер» компаниясынан тасымалданған үйрек еті де сынамадан өтпеді», — деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал сүт өнімдерінің 3 сынамасында микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкессіздік анықталды. Олар: «Домик на хуторе» 20% қаймағы. Өндірушісі: Ресейдің «Карагачский молокозавод» компаниясы. Сонымен қатар, Ресейдің «Главпродукт» қант қосылған қаймағы алынбаған сүті, «Виолетта с зеленью» сүзбе ірімшігі сынамаға сай келмеді. Соңғысынан ішек таяқшасы тобындағы бактерияларанықталды.
«Сүттегі майдың массалық үлесі, тығыздығы, құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығы және май-қышқылы құрамына тексеріп, Ресейден әкелінген «Добрая буренка», «Свои продукты», «Это хорошо» сүті мен «Президент» сары майы сәйкес келмеді. Өнімдер Ресей мен Франциядан тасымалданған. Сүт өнімдері және құс етінінен анықталған сәйкессіздіктің басым бөлігі техникалық регламенттер талаптарының таңбалау заңдылығын сақтамаған. Мемлекеттік тілде таңбалау көрсетілмеген, шығарушы елдің атауы және мекенжайы мемлекеттік тілде жазылмаған, тағам өнімдерінің мөлшері көрсетілмеген, мемлекеттік тілде таңбалау толық берілмеген. Анықталған бұзушылықтар бойынша жеке заңсыздықтарды бұзуды жою туралы ұйғарым берілді», — деді Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.