Атырау облысының колониясына 27 ұялы телефон алып өтпекші болғандар ұсталды

Вnews.kz
Түзеу колониялардың бірінде ірі көлемді ұялы телефондар тәркіленді.

ҚАЖ қызметкерлері Атырау облысындағы колониялардың біріне қулық тәсілмен кіргізу кезінде ұялы телефондардың (құлаққап, қуаттағыш құралы және сим-карталарымен) ірі партиясын тәркіленді, деп хабарлайды Bnews.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл пенитенциарлық жүйе саласында соңғы жылдары орын алған ірі тәркілеу екенін атап өтуге болады.

Тыйым салынған заттар жаңа технологиялардың көмегімен алынды. Қарап-тексеру бөлмесінде рентген аппаратынан ұзындығы 1,5х1,5 метр, ені 3 сантиметрлі ағаш фанера өткенде, компьютер түрлі тыйым салынған заттарды көрсетті.

Аталған ағашты ашу барысында ұялы телефондардың 27 бірлігі, осындай көлемде құлаққап және қуаттағыш құралдары алынды.

"Еңбек-Атырау" РМК жұмыскерлерінің бірі аталған заттарды түзеу колониясының аумағына кіргізуге әрекет жасаған, оқиға орнына келген Атырау қ. ІІБ жедел-тергеу тобына түсініктеме берді.

Бұл факті Ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі