Елбасы Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдады

akorda.kz
Қазақстан Президенті киноиндустрияның маңыздылығын айрықша атап өтті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Досхан Жолжақсыновтың отандық кинематография және театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Сіз – отандық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің бірісіз, Қазақстанның халық әртісісіз. Ұзақ жылдар бойы балалар мен жасөспірімдер театрына басшылық еттіңіз. Осы уақыт ішінде мәдениетіміздің дамуына және Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңғыруына зор үлес қостыңыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті киноиндустрияның маңыздылығын айрықша атап өтіп, оның қазіргі мәдениет саласында алатын орнына тоқталды.

– Бүгінде кино ұлттық сана-сезім мен төл мәдениетімізді бейнелейтін негізгі құралдың біріне айналды. Сондықтан мен сізді отандық киномызды одан әрі дамыту мәселелерін талқылау үшін шақырдым, – деді Елбасы.

Досхан Жолжақсынов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның кинематография өнеріне ерекше көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

– Сіздің жан-жақты қолдауыңыздың арқасында қазіргі киноиндустрия саласы дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қиындықтарға қарамастан, «Көшпенділер» фильмін түсіріп, халқымыздың тарихын күллі әлемге таныттық. Содан кейін «Жау жүрек мың бала» мен «Алмас қылыш» фильмдері, сондай-ақ менің «Біржан сал», «Құнанбай» фильмдерім және басқа кинотуындылар түсірілді. Еліміздің бүкіл өңірін аралап, «Құнанбай» фильмін көрсеттік. Біз кино арқылы тарихи оқиғалар мен қазақ халқының мінез-құлқын бейнелеп, жұртшылық санасына рухани жаңғырудың негізгі идеяларын сіңіруге тырыстық, – деді халық әртісі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда