Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне пара бермек болған кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кассалық аппараты мен POS-терминалы жоқ кәсіпкер департамент қызметкеріне 30 мың теңге пара берген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен кәсіпкерге 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті пара алған немесе пара беруге итермелеген лауазымды тұлғалар болса +7 707 413 59 22 нөміріне немесе uvb_dgdalmaty@mail.ru поштасына хабарлама қалдыруды сұрайды.