Айдар Шәрібаев америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

prosports.kz
Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды.

Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО) пен АҚШ өкілі Эндрю Канчиомен (18-4-2, 14 КО) титулдық жекпе-жегі 13 сәуір күні, таңертең, Индиода өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Diamond Ring промоутерлік компанияға сілтеме жасап.

Айқаста боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA InterContinental белдігі үшін күш сынасты. Жерлесіміз жекпе-жекті қарқынды бастады. Алайда үшінші, бесінші раундтарда нокдаунға түсіп қалды. Соңғы оныншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Шәрібаевқа техникалық нокаут жариялады.

Бұған дейін жеңіл салмақ дәрежесінде (135 фунт) айқасып жүрген Шәрібаев бұл жолы салмақ қуып, екінші жартылай жеңіл салмаққа ауысқан болатын.

Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің 58,967 килограмға дейінгі салмақ санатындағы дебюті әрі кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды. Бұған дейінгі 7 кездесудің барлығын да Айдар жеңіспен аяқтаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды