Полицейлер гашиш сатпақ болған екібастұздықтың жолын кесті

www.pavlodarnews.kz
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлімімен қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Павлодар қаласына басқа өңірден есірткі заттарын жеткізу арнасы ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз айналымнан алынған есірткі заттың құны 200 000 теңгені құрайды. Бұл жолы шамамен 100 дозаны сатудың жолы кесілген.

- Облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі арнайы бөлімшесіне Екібастұз қаласының тұрғыны белгісіз бір топ адаммен аса ірі көлемде басқа қаладан «гашиш» есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастырғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Дереу есірткіге қарсы күрес операциясын өткізу барысында екібастұздық тұрғын ұсталынып, салмағы 60 грамм гашиш алынды, - деді департаментте.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлімімен қарастырылған қылмыстың белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық күдіктілерге қатысты сот бұлтартпау шарасы - «қамауға алу» түрінде санкция шығарылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты