Павлодар облысында алты көлік соғылып, бес адам зардап шекті

www.pavlodarnews.kz
Жол көлік оқиғасы салдарынан «LADA-211910» және «Фольсфаген-Пассат» автокөліктерінің екі жолаушысы мен «Toyta Camry» автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

«Павлодар – Екібастұз» бағытындағы тас жолда үш бірдей жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығынан сегіз шақырым қашықтықта сағат 14.00-де «LADA-211910» автокөлігін тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші мен 34 жастағы ер адам басқарған «КамАЗ» жүк көлігі соғылған.

- Жол апаты Ертіс алқабынан көлік өтетін жолдың бөлігінде қою түтін жайлаған жерде тіркелген. Сағат 14.05-те «LADA-2108» көлігінде отырған 52 жастағы жүргізуші мен «Фольцваген-Пассат» көлігінде отырған 52 жастағы азамат соқтығысқан. 10 минуттан кейін дәл сол тас жолында «Toyоta Camry» маркалы темір тұлпар мен 42 жастағы адам тізгіндеген «ГАЗ-53» жүк көлігі қақтығысқан, - деді депаратментте.

Жол көлік оқиғасы салдарынан «LADA-211910» және «Фольсфаген-Пассат» автокөліктерінің екі жолаушысы мен «Toyta Camry» автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

«Toyоta Camry» көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жүгініп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Аталмыш факті бойынша жол апатының себептері мен кінәлі адамдарды анықтау бойынша тексеріс жүргізілуде. Еске сала кетейік, демалыс күні Ленин кентінің тас жолы бойында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп, айналаны қалың түтін басқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы