Алматы орталығында жылу құбыры жарылды

www.inform.kz
Оның 25 жыл жарамдылық мерзімі өткен.

Алматы қаласының орталығында жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазыбек би мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан жылу магистралінің бөлігі гидравликалық сынаққа шыдас бермей жарылды.

«Жарылыс таңғы сағат 06.30-да қалыңдығы 500 мм болатын құбыр желісін үлкен қысыммен үрлеу шаралары барысында болды. Оқиғаның салдарынан жылу жүретін құрылғыны атып жіберді. Алайда жарылыстың салдарынан ешқандай шығын болған жоқ», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

«Алматы жылу желілері» ЖШС инженерлерінің мәліметтері бойынша, бұл жылу желісі 1990 жылы іске қосылған. Оның 25 жыл жарамдылық мерзімі өткен.

«Алматы жылу желілері» өкілдері мұндай шаралардың проблемалық бөліктерді анықтау мақсатында жылу маусымы тоқтатылған уақыттарда жүргізіліп тұратынын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз