10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды

stan.kz
Жұлдыз Әбдікәрімова той кезінде болған қызықтары туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Желіде Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жұлдыз Әбдікәрімова той кезінде болған қызықтары туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғ.Мүсірепов атындағы ТЮЗ- дің әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым. Айдо сБектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз Қыз Жібек спектаклінен ария орындап естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар. Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті “Ешкімге көрсетпеймін” әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық. Ал, ол бейнебаянды, енді 10 жылдан кейін көрсетеміз. P.S. Айтпақшы, тағы бір қызық болған. Той біткен соң ары қарай достарымызбен қыдыратын болып шештік. Той қонақтарымен қоштасып, бәрін шығарып салып, ата-ана, бауырлар үйге қайтты, жиырмаға жуық достар 2 көлікке сыйысып олар кетті. Бір қарасақ Қайрат екеуміз ғана қалыппыз. Түнгі 2-3 тер шамасы. Көлік жоқ. Содан жаңа үйленген жас жұбай қол ұстасып алып, әппақ фатаны желбіретіп жолдан өтіп, такси тоқтатып достарымызға қарай кеткенбіз”, – деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды