Шығыс Қазақстанда 7 адам отырған қайық Ертіске батып кетті

Baq.kz
Қайықта ауыл тұрғындары отырған, оның екеуі 13 және 16 жастағы жасөсіпірімдер.

Мұзы еріп жатқан өзеннен екі жасөспірім бала мен үш әйелді құтқарып алудың сәті түсті, ал бір әйел көз жұмды. Олар қаладан сауда-саттық жасап, ауылға қайтып бара жатқан, деп хабарлайды Baq.kz.

ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес, қайық Ертіс өзенінде Курчатовтан Бесқарағай ауданындағы Грачи ауылына қарай жүзіп бара жатқан. Қайықта ауыл тұрғындары отырған, оның екеуі 13 және 16 жастағы жасөсіпірімдер. Олар қалада сауда-саттық жасап, ауылға қайтпақ болған. жағалаудан 15-20 метр ұзаған кезде қайық белгісіз себептермен су ішіне бата бастайды. Төтенше жағдайлар қызметі қайықтың суға бату себебін артық жүк тиеумен байланыстырады.

Грачи ауылының тұрғындары жағалау жақтан көмек сұраған адамдардың дауысын естіген. Суға батқан қайықтың иесі екі баланы алып, жағалауға жеткізеді. Қалған жолаушыларды су астынан куәгерлер шығарып алған. Алайда, бір әйелді құтқару мүмкін болмады. Кейінірек 38 жастағы ауыл тұрғынының денесін су ішінен алып шықты. Қатты тоңып қалған зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда