Елордада балмұздақтардан зиянды бактерия табылды

ҚазАқпарат
Тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды.

Астанада микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін ТМ «Bаmbino» балмұздағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған»,-деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар өнімнің барлығы Сарыарқа ауданы, Тайбурыл көшесі 7 мекенжайында орналасқан дүкенде сатылып кеткен.

Микроорганизмдер табылған аталмыш балмұздақ өндіріс цехынан да шықты. Сонымен қатар бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді. Осыған байланысты балмұздақ өндіруші «Баннұр НС» ЖШС-на әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды.

«Банур НС» ЖШС дайын өнімдері «Аружан», «Керуен», «Керуен Сити», «Азия-парк», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега SW» және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады.

Ведомство тұрғындардан «Банур НС» ЖШС өндіретін ТМ «Bаmbino» балұздағының 2018 жылдың 5-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдері анықталған жағдайда тел. 31-71-39, факс: (8-7172) 31-61-10; e-mail: astana.dooz@mz.gov.kz байланыс телефондарына хабарлауын сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі