Қанша қазақстандық Ресей азаматтығына ие болған

islam.kz
Солардың ішінде Тәжікстан тумалары көш бастаған.

Ресей Федрациясының ішкі істер министрлігі келтірген дерекке қарағанда, соңғы бес жыл ішінде ресейлік азаматтыққа ие болғандардың қарасы үш есе өскен, деп хабарлайды islam.kz.

Егер РФ ІІШ мәліметіне сенсек, ресейлік азаматтық алғандар арасында Орта Азиядан шыққандардың қарасы көп. Солардың ішінде Тәжікстан тумалары көш бастаған. Өткен жылы 29039 тәжік РФ азаматтығын алған екен.

Екінші орында кім тұр дейсіз ғой? Қазақстандықтар. 40 718 қазақстандық РФ төлқұжатына қол жеткізген.

Ал жалпы есепте, яғни, Орта Азияны және әлемнің өзге елдерін қоса алғанда, ресейлік азаматтық алғандар арасында укриналықтардың қатары қалың - 85 119. РФ азаматтығына ие болған армениялықтардың да қарасы көп - 25 144 адам. Одан кейінгі орынға Өзбекстан жайғасқан - 23 334.

Десе де мынаны айта кетпеске болмайды. РФ азаматтығын алған қазақстандықтардың дені этникалық орыстар. Олардың дені Қазақстанның солтүстік өңірінен көрші елге қоныс аударған. Ал тәжіктерге келсек, олардың дені тәжік ұлтының тумалары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды