Семейде дәрігерлердің салақтығы жергілікті тұрғынның наразылығын тудырды

ҚазАқпарат
Қала тұрғыны емханаға 2 жастағы баласына гематолог дәрігерге жолдама алу үшін келген. Алайда медбике оны мамологқа жазып берген.

Семейде медбикенің қателігі ата-аналардың наразылығын тудыруда. Себебі, қаладағы емханалардың бірінің медбикесі 2 жастағы баланы гематологқа жіберудің орнына маммолог маманға жолдама жазып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғыны емханаға 2 жастағы баласына гематолог дәрігерге жолдама алу үшін келген. Алайда медбике оны мамологқа жазып берген. Бұл қателікті қыздың анасы тек диагностикалық орталыққа келгенде бірақ-ақ көрген. Себебі, дәрігерлер мұндай жолдамамен баланы қараудан бас тартқан.

«Маған жолдаманың қате екенін тіркеу орнындағылар айтты. Тіпті гематолог дәрігерге кіріп жағдайды түсіндіру үшін де талон бермеді. Сондықтан емханаға барып қайтадан жолдама алуға тура келді», - дейді қала тұрғыны.

Ал медбикенің жіберген қателігіне байланысты Семей қаласындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Жанар Сейтқазина жауап берді.

«Бұл медбикенің жұмысына мұқият қарамауынан болған. Қазір көптеген жас мамандардың жұмыс тәжірибесі аз. Сондықтан осындай жағдайлар болып жатады. Қазір көп жұмыс компьютер арқылы жүзеге асса да, дәрігерлер мен медбикелер бұрынғыдай қағазбастылықтан арылмаған. Мұның да себебі бар деуге болады», - деді Жанар Сейтқазина.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді