Мүгедек балалардың заңды өкілі де тегін жол билетімен жүреді

Хабар 24
Яғни бұрынғыдай 7 жасқа дейінгі мүгедек балалар ғана емес, 18 жасқа дейінгілер де қоғамдық көлікте тегін жүре алады.

Енді автобустарда бұрынғыдай 7 жас емес, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар да тегін жол жүре алады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қалалық мәслихатының шешімімен 4 мамырдан бастап қоғамдық транспорттарда тегін жол жүру билетін пайдаланатын азаматтардың саны көбейеді. Яғни бұрынғыдай 7 жасқа дейінгі мүгедек балалар ғана емес, 18 жасқа дейінгілер де қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұдан басқа тегін жол жүру билеті мүгедек баланың (заңды өкілі) ата-анасының біріне де берілді. Мұның алдын бұл құқық мүгедек сәбиді алып жүрген кезде ғана рұқсат берілетін.

Ал зейнетақы кітапшасы куәлігін көрсету арқылы тегін жол жүретін санаттағы азаматтар жеңілдікті 1 маусым 2018 жылға дейін пайдалана алады. Содан кейін жеңілдікпен жүретін азаматтар Қажымұқан көшесі, 14 мекенжайындағы орталық кассадан өз атына жазылған транспорт картасын алуы қажет.

Айта кетейік, ақпан айында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев халықпен есептік кездесуі барысында мүгедек баланы алып жүретін қамқоршысына да тегін жол жүру билетін ұсыну туралы мәселені шешуді тапсырған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы