Бас мүфти Рамазан айы не себепті 17 мамырда басталатынын түсіндірді

Сурет: zakon.kz
16 мамырда кешке ниет етіліп, тарауық намаздары оқылады.

ҚР Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз «Интерфакс-Қазақстан» орталығында өткен баспасөз мәслихатында қасиетті Оразаның не себепті 17 мамырда басталатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас мүфтидің айтуынша, 16 мамырда кешке ниет етіліп, тарауық намаздары оқылады. Ал Ораза 17 мамырда басталады.

«Рамазан айының басталуын нақты айта алу үшін бірінші - шариғаттың талабы, екінші - ілім керек. Бұл күн қазіргі заманауи астрофизикалық және басқа да астрономялық ғылыми негіздерге сүйене отырып бекітіледі. Осы негізде біз 2018 жылғы Рамазан айының алғашқы күні 17 мамыр болып бекітілгенін жариялаған болатынбыз. Өйткені Пайғамбарымыздың хадисінде «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толтырыңдар» деп айтылады. Бұл - шариғаттың талабы», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Сондай-ақ, дінбасы биылғы пітір садақа мөлшеріне де тоқталды.

Ғұламалар кеңесінің шешімімен, Рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері 300 теңге көлемінде бекітілді. 14 маусым Рамазан айының соңғы күні болады, ал маусымның 11-нен 12 сіне қараған түн - Қадір түні.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді