Сарыағашта нөсер салдарынан 19 үйдің ауласын су басты

Сурет: zakon.kz
40 құтқарушы мен жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері, сондай-ақ 14 техника су тартып шығару жұмыстарына жұмылдырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары тоқтаусыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан аулаларын су басқан жеке үйлердің тұрғындарына көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдар және Сарыағаш аудандық ТЖБ күштерімен канал шлюзін жабу жұмыстары атқарылды. «14 мамырда сағат 18.20-да Сарыағаш ауданы Қызылжар елді мекенінде нөсер жаңбыр салдарынан Келес өзеніндегі су деңгейі көтерілді.

Ал сусыз жатқан, өткізу қабілеті секундына 2 текше метрді құрайтын Ханым каналына жіберілген су облыстық деңгейдегі «Сарыағаш-Дербісек» (ұзындығы 500 м, ені 30 м, тереңдігі 25 см) жолынан асып, 19 жеке үйдің ауласын басып қалды»,-делінген ТЖК хабарламасында.

40 құтқарушы мен жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері, сондай-ақ 14 техника су тартып шығару жұмыстарына жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді