Көкшетауда мейрамхананың мас жұмысшылары 14 көше шамын шағып кетті

Сурет: zakon.kz
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Көкшетауда полиция қызметкерлері 14 көше шамын шағып кеткен бұзақыларды ұстады. Ол сол күні кешке спирттік ішімдік ішкендіктен, іс-әрекеттерін басқара алмай қалғандарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«14 мамырда түнде Көкшетаудағы ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, жас жігіттер көше шамдарын шағып жүргендерін хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бұзақылар 14 көше шамын шағып тастағанын анықтаған», - деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Құжатта көрсетілгендей, сол күні қаладағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтін 18-25 жас аралығындағы үш жергілікті тұрғын ұсталған. Олардың айтуынша, олар сол түні спирттік ішімдік ішіп, іс-әрекеттерін басқара алмаған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты