Павлодарда садақа жәшігін ұрлаған екі күдікті ұсталды

www.pavlodarnews.kz
Тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 20 және 45 жастағы екі ер адам ұсталды.

Павлодарда екі ер адам сырқаты бар баланың еміне ақша жинау үшін қойылған жәшікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Полицияға баланың еміне арналған ақша жиналған жәшіктің ұрланғаны жөнінде 27 жастағы жергілікті тұрғын өтінішпен жүгінді, - дейді баспасөз қызметінде.

– Тұрғындардың қайырымдылығы мен көмегіне үміттенген әйел облыс орталығында орналасқан дүкендердің бірінде еркін түрде ақша салу жәшігін орналастырған. Садақа жәшігінен пайда таппақ болған ұрылардың әрекеті дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадр жазбаларында күдіктінің бірі капюшонын киіп, ақша жиналған жәшікті алып қашқаны көрінеді.

Тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 20 және 45 жастағы екі ер адам ұсталды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабының екінші бөлімі, бірінші тармағы бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді