Қазіргі уақытта Астана қалалық ішкі істер департаменті «Интернет-банкинг» қызметі арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Мәселен, алаяқтар пәтер мен көлік сату жарнамалары ілінетін сайттардан әлеуетті құрбандарын тауып алады да оларға телефонмен байланысқа шығады. Содан кейін пәтерді немесе көлікті сатып алуға дайын екендіктерін және кепіл ақша жіберуге ниетті екендіктерін білдіреді. Сатушының сеніміне кірген соң оған төлем картасының «Интернет банкинг» қызметіне қосылуды ұсынып, өзінің ұялы телефонының нөмірін айтады. Осылайша, көп жағдайда зардап шегушілер «Интернет банкинг» қызметінің қалай жұмыс істейтіндігін білмегендіктен қаскүнемдерге банк картасы мен есепшотында жатқан ақша қаражатын басқаруға толықтай рұқсат беріп қояды.
«Ағымдағы жылдың сәуірінде азамат М-ға белгісіз біреу WhatsApp мессенджері арқылы интернетке орналастырыған авткөлікті сатып алғысы келетіндігі туралы хабарлама жазған. Хат жазысу барысында белгісіз адам көлікті сатып алғысы келетіндігін, бірақ басқа қалада жүргендіктен төлемді сатушының картасына жіберуге, ал автомобильді кейін алып кетуге дайын екендігін айтады. Алаяқтың өтінішімен азамат М WhatsApp арқылы өзінің картасының мәліметтерін жіберген. Содан кейін оның абоненттік нөміріне интернет банкингтегі жеке кабилетіне ену коды бар СМС-хабарлама келген және оны алаяққа айтып берген. Ал бірнеше уақыттан кейін оған барлық ақша қаражатының бөгде картаның есепшотына аударылғандығы туралы СМС-ескерту келген. Алаяқ ақшаны аударып алғаннан кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған», - деп атап өтеді департаменттен.
Осыған байланысты Астана қалалық ішкі істер департаменті азаматтарға барынша сақ болуды және мына жайттарды қаперде ұстауды ескертеді:
Карта есепшотының жеке мәліметтері мен ПИН-кодты ешкімге бермеу;
Белгісіз телефондарға ақшаны аудармау;
Анонимды төлем жүйесі арқылы белгісіз адамдарға ақша аудармау; компьютерде немесе ұялы телефонда күдікті бағдарламалар мен қосымшаларды пайдаланбау қажет.