Қазақстанда осы жылғы наурыз айында басталған әскерге шақыру науқаны кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктеріндегі мерзімді әскери қызметке іріктеу жүргізді. ҚР МКҚ қатарына 285 адамды іріктеп алынды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Мұқият кешенді тексеруден жетістікпен өткен әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік полктерінде қызмет атқарады.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
ҚР МКҚ мерзімді әскери қызметке азаматтарды дайындау және шақыру үздіксіз процесс.Тіркеу учаскесінде тіркелген сәтінен бастап армияға шақырылғанға дейін жергілікті атқару органдары ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерімен бірлесіп мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды жүйелі түрде іріктеуді және зерттеп-зерделеуді жүргізеді.
Бұл ретте барлығы да зерттеп-зерделенеді: оқу және жұмыс орнынан мінездеме, әскерге шақырылушының қарым-қатынас ортасы, қызығушылығы мен бейімділігі, 180 см кем болмайтын бойы, дене бітімі, медициналық деректері мен психологиялық портреті.
Мемлекеттік күзет қызметінің қойған талаптарына сәйкес Отанға деген адалдық пен берілгендік, батылдық жәнеқысылтаяң жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, тәртіптілік пен қырағылық айқын көрінгеназаматтарға басымдылық беріледі.
Спорттық және өзге де жетістіктер ҚР МКҚ Президенттік полктерінің қатарына іріктеу кезінде шешуші роль ойнайды.
Осымен қатар, әскерге шақырылушылардың интеллектуалдық қабілеттіліктеріне де аса назар аударылады.
«Біздің қоғамның идеалы – ол өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, бұл ретте заманауи, шетел тілдерін меңгерген, алдыңғы қатарлы және жаһандық көзқарасы бар қазақстандық болуы керек», бұл туралы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" аттыжыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.
Осы шақыру науқанында ҚР МКҚ офицерлері Жолдауда аталған басымды бағыттарды негізге ала отырып, кандидаттардың интеллектуалдық потенциалына аса назар аударды, ал оның әскери борышын сапалы атқаруға ықпалын тигізетіні сөзсіз.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің дамуының басымды бағыттарының бірі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан қалыптасатын кадрлық потенциалды сапалы дайындау болып табылады.
Бұл, яғни «бүгінгі» сарбаздың әскери мансапта одан әрі өсу мүмкіндігі бар деген сөз.
Әскерге шақырылған Отан қорғаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Мысалы, жақсартылған казармалық үй-жай, жеке-тәрбие жұмыстары бөлмесі, тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі, монша-кір жуу кешені, сондай-ақ әскери бөлімнің демалу клубы бар.
Ыңғайлы және заманауи киіммен қамтамасыз етілген, құрмет қарауыл ротасына түскендерге киім мен аяқ киім жеке тігіледі.
Жыл сайын әрбір әскери қызметшінің киім-кешегіне 150433 теңге жұмсалады.
Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің азық-түлік паегінің құны 1259 теңгені құрайды.
Күн сайын үш рет құнарлы тамақ ішеді.
Негізгі азық-түлікпен қатар мәзірге мыналар қосылған: бал, табиғи шырын, жемістер (алма, банан, апельсин).
Әскери ант қабылдағаннан кейін сарбаздар Астана мен Алматы қалаларындағы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдері бойынша жөнелтіледі.
Онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше міндеттерді атқаратын, Қазақстанға шетел мемлекеттері басшыларының ресми сапарлары барысында дәстүрлі рәсімдерді орындауға қатысатын, Мемлекеттік ту мен Елтаңбаның эталондарын күзететін болады.
Өте жауапты міндеттерді мінсіз атқару үшін Қызметте кешенді дене шынықтыру және жауынгерлік даярлығына аса назар аударылады.
Сарбаздар саптық амалдарды, жауынгерлік қарудан атумашық-дағдысын, сондай-ақ жауынгерлік техниканы құрғақ жерде және суда жүргізуді және тағы басқаларды меңгереді.
Спорттық жетістіктері бар адамдардың әртүрлі деңгейдегі, оның ішінде әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндігі болады.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне түсуді жастардың көбісі армандайтынын атап өту керек. Осы жерде олар сенімділікті және көркем мүсінді, ер мінезділікті иеленеді, нақышты қадамды ұштайды. Әдемі киім нысаны оларға ерекше түр береді, ол айналадағы адамдарды шынайы таң қалдырады.
Армиядағы қызмет кешегі жастарды лайықты, өз Отанына берілген ерлерді тәрбиелейді. Армиялық тыныс-тіршілік ахуалы олардың өмірге деген көзқарасын және шынайылықты қабылдауды өзгертеді, олар бұл ретте берік шыдамдылықты және өмірде айқын мақсатты иеленеді.
Осы қасиеттер ғана ерліктің және батырлықтың, даңқ пен адалдықтың, бастысы – өз халқы мен өз Елбасына адал болудың бейнесі болып табылады.
Әскери антты салтанатты түрде қабылдауға: Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары шақырылды.
Қатысушылардың алдында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін, кәсіпқойлығын және іс-әрекеттегі үйлесімдігін көрсетеді.
Президенттік үрмелі аспаптар оркестрі мен құрмет қарауыл ротасы плац-концерттің жаңа бағдарламасымен (дефиле) өнер көрсетеді.
Жаңа толымдауларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы құттықтады.