Лондондағы мешіт пітір садақаны криптовалютамен алады

www.24.kz
Мешіт өкілдері мұндай пітір садақадан 10 мыңдай фунт стерлинг жинайтынына үмітті.

Ұлыбритания астанасы Лондондағы мешіттің бірі пітір садақаны криптовалюта түрінде алуға кірісті, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Қасиетті Рамазан айында енді адамдар өзінің крісінен 2,5 пайызды құрайтын зекетті биткоин немесе эфир күйінде бере алады.

Мешіт өкілдері мұндай пітір садақадан 10 мыңдай фунт стерлинг жинайтынына үмітті.

Қаржы кедей-кепшіктерге көмек көрсетуге, ғимараттарды жөндеу сияқты қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.

Ал адамдар мұндай жаңашылдыққа қарсы еместерін айтады.

Абдалла, мешіт имамы: - Биткоин өзге валюталардан кем емес. Кей адамдар оны ақша түрінде пайдаланады. Біз алыпсатарлықпен айналыспаймыз. Мешіт халыққа қызмет етеді. Ең бастысы адамдардың мүддесі.

Лукас Мусиал, блокчейн бойынша кеңесші: - Биткоин немесе эфирі бар азаматтар үшін оларды доллар болмаса фунт стерлингке айырбастау қиынға түсер. Мешіт бұл мәселені өз мойнына алады. Оларды аударушы қажетті түймешені басып, мешіттің криптоәмиянына аударса жеткілікті. Бұл мешітке пітір садақаны әлемнің түкпір-түкпірінен аударуға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды