"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң мақұлданды

www.parlam.kz
Заң қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелейтін негізде жүргізуге мүмкіндік береді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасын талдау Қорғаныс өнеркәсібінің дамыту қорғаныс өнеркәсібі кешені ұйымдарының қолдау мәселелеріне, сондай-ақ осы салада өз қызметін жүзеге асыратын субьектілер арасында туындайтын қатынастарға жүйелі көзқарастың жоқтығын көрсетті. Осыған байланысты заң жобасы әзірленді. Ол Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелейтін негізде жүргізуге мүмкіндік береді,- деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

Министр сонымен қатар, мемлекеттік саясаттың сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттерін бекіту қажеттігін атап өтті. Бұл заңда сонымен қатар, қару-жарақ, әскери техника және қару-жарақ пен әскери техника айналымы деген ұғымдар айқындалған деп айтты.

Әлеуетті ведомстволарды оларға тән емес функциялардан босату мақсатында министрлікке арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын әскери мүлкіне және пайдаланбайтын қару-жарағы мен әскери техникасына иелік ету бойынша құқықты беру ұсынылады. Иелік ету құқығы көрсетілген мүлікті қорғаныс өнеркәсібі кешені ұйымдарына қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғыртуға, жаңа түрлерін әзірлеуге беруді ескереді. Ондай қажеттілік болмаған жағдайда, оны экспорттау және қорғаныс кешені өнеркәсібі ұйымдарында жөндеу мен жаңғырту, сондай-ақ қайта өңдеу немесе жою шартымен өткізуді қамтиды,- деді министр.

Әйгерім Тарина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы