31- мамырда Алматы қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» (ҮААЖ) құрылысын бастау салтанатына қатысты. Бұл туралы zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі А. Баталов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаев , ҚР Инвестиция және даму министрі Ж. Қасымбек қатысты.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен басталған «Үлкен Алматы айналма жолы» автомобиль жолының құрылысы жобасын жүргізу аса маңызды екендігін атап өтті.
«ҮААЖ Қазақстан тарихындағы ең ірі мемлекеттік-жеке сектордың қатысымен басталған инфрақұрылымдық жоба саналады. Жобаға әлемдегі танымал компаниялар қатысады»,-дей келіп А. Мамин «жоба Қазақстанның экономикалық даму қарқынын, мемлекеттік және жеке сектордың өзара бірлескен іс әрекетінің жаңа сапалық деңгейге көтерілгендігін көрсетеді», -деді Мамин.
Алматы қаласының серпінді дамуы, сонымен қатар мегаполис тұрғындары санының артуы - көлік инфрақұрылымын одан әрі кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді.
«ҮААЖ құрылысы өңірдің ғана емес, жалпы Қазақстанның инфрақұрылымдық және экономикалық дамуының жаңа кезеңін көрсетеді»,- дейді А. Мамин. ҚР Премьер- Министрінің бірінші орынбасары жобаны 2021 жылы аяқтауды тапсырды.
Алматы облысының әкімі А. Баталовтың хабарлауынша, өңірде инфрақұрылымдық жобаны табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалды. Автожол құрылысына жергілікті тұрғындардың 90 пайызы қатыстырылып, шамамен екі мың жұмыс орны ашылады.
А. Баталовтың айтуынша, жергілікті атқарушы билік тарабы ҮААЖ құрылысын қарқынды жүргізуге барлық көмектері мен қолдауын білдіреді.
ҚР Инвестиция және даму министрі Ж. Қасымбек 2018 жылы ақпанда «Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы» автомобиль жолы құрылысын жүргізу мен пайдалануға берудің Концессиялық келісімін «Алсим Аларко – Макйол – СК – Корея Экспрессвэй» консорциумымен жасасқандығын атап өтті.
66 шақырымдық Алматы айналма жол жобасы 1-ші техникалық категориядағы, алты жолақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Мұнда автокөлік құрылысымен қатар жаңа көпірлер, көлік жол айырықтары, эстакадалар құрылысы жүргізіледі.
Жобаны жүзеге асыру көлік қызметінің сапасын көтереді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Автокөліктің қоршаған ортаға зиянын азайтады.
А. Мамин өңірге сапары барысында Алматы облысындағы (G4 City) «4 ғарыштық қалалар құрылысы» жобасын жүзеге асыру барысы бойынша кеңес өткізді.
Қазіргі таңда Gate City ғарыштық-қалаларында су, электр, газбен қамту, көлік және коммуникациялық желілері тартылды. «Береке» индустриялық аймағында 12 ірі жобаға 100 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 1500 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру барысында Gate City ғарыш-қалаларында алдымен тұрғын үйлер салынады. Тұрғын үйлер құрылысын салу 2019 жылы наурызда басталады.
«Қазір қаланың инфрақұрылымы әзір. Оның индустриялық, тұрғын үйлері, логистикалық аймақтары игерілуде. Жобаны жүзеге асыруға қажетті барлық қолайлы жағдайлар жасалған»,-дей келіп А. Мамин алдағы уақытта жобаға тікелей инвестицияларды тартуды белсенді атқару керектігіне тоқталды.
Сондай-ақ, кеңесте Алматы облысында туризмді дамыту жайы талқыланды. Туристік саладағы республикалық картаға 14 басым жоба қосылса, оның жетеуін осы өңірде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Мемлекет басшысы Қазақстанда туризм саласын дамытуға зор көңіл бөліп отыр»,- дей келіп ҚР Премьер –Министрінің бірінші орынбасары Алматы облысында тау -шаңғысы кластерін дамыту тұрғысында бірқатар нақты тапсырмалар берді