ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда менингитке қарсы тегін (немесе бағасы арзанырақ болатын) екпе егу мәселесі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің құқықтық базамызға сәйкес, екпе егу туралы шешімді жұқпалы аурулар бойынша ұлттық үйлестіру кеңесі қабылдайды. Өткен аптада отырыс өтті. Инфекционистер мен эпидемиологтар (кеңеске кіретін) жаппай вакцинациялауды бастау қазіргі кезде қажет емес, ұлттық күнтізбеге менингитке қарсы екпе егуді енгізудің де қажеті жоқ деген шешім қабылдады. Оның көмегі болмайды, сондай-ақ шығынға келтіретін іс-шара. Ауру жұқтырған науқастардың саны орташа, бәрі бақылауда", - деді Е. Біртанов Астанадағы баспасөз мәслихатында.
Денсаулық министрі менингиттен вакцинациялау бағасы неліктен қымбат деген сұраққа, вакцинаның өзінің бағасын есептегенде, бұл баға әлдеқайда орынды деп жауап берді.