Талдықорғанда 17 жастағы студент менингиттен қайтыс болды

ҚазАқпарат
Науқастың ауруы жедел түрде өткен.

Талдықорғанда тағы бір адам менингокок инфекциясынан көз жұмды. Аталған ақпаратты облыс әкімінің баспасөз хатшысы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, 17 жастағы студенттің менингокок инфекциясынан көз жүмғанын растаймыз. Науқастың ауруы жедел түрде өткен. Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы өте ауыр болған. Студенттің нақты қай оқу орнында оқығаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Сондай-ақ Ғ.Жүкел науқас бүгін сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада қайтыс болғанын мәлім етті. Оның сөзінше, студент өзге науқастардан оқшауланған.

Айта кету керек, бұл менингит дертін жұқтырып, адам өлімімен аяқталған Талдықорғандағы екінші жағдай. Бұған дейін қалада 2 жасар қыз бала инфекциялық ауруханада көз жұмған болатын. Ал жалпы облыс бойынша аталған дерттен 4-ші адам көз жұмды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін