Эстония қоғамдық көлікте тегін жүретін алғашқы ел болмақ

inform.kz
Әлемде ешбір ел әлі мұндай батыл қадамға барған емес.

1 шілдеден бастап Эстонияда бүкіл ел аумағында қоғамдық көлікте тәулік бойы тегін жүру тәртібі енгізілмек, деп хабарлайды Қазақпарат.

Әлемде ешбір ел әлі мұндай батыл қадамға барған емес. Эстония бұған дейін, 2013 жылы ел астанасы Таллинде автобустарда, пойыздарда және трамвайларда ақылы тарифтерді алып тастаған болатын.

Содан кейін қала тұрғындарына «қалалық» ретінде тіркеліп, 2 еуроға қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін беретін «жасыл карта» сатып алу ұсынылды.

Ал басқа өңірлердің тұрғындары мен туристер бұрынғыша ақы төлеп жүретін.

Эстония экономика және инфрақұрылым министрі Кадри Симсонның айтуынша, бүкіл елде тегін жүру тәртібі бойынша ұсыныстар қабылданатын аралық кезең енгізіледі.

Дегенмен Эстонияның кей өңірлері бұл тәртіптен бас тартуға ниетті. Өйткені олар қоғамдық көлікке ұлттық бюджеттен бөлінетін қосымша қаржыдан айырылып қалуды қаламай отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды