ДСМ: Егер сіздер жұқпалы аурумен ауырған науқаспен байланысқа түссеңіз, сізді өзіміз тауып аламыз

Қандай да бір ауру (сифилис, АИТ, менингит және т.б.) анықталса, осындай топ шығып, науқастан егжей-тегжейлі сұрастырады: ол қай жерде болды, кіммен байланысқа түскенін, қанша уақыт өткенін, бір журнал толтырып шығады, ол жерде арнайы әдіс бар.

Менингитпен ауыратын науқаспен байланысқа түскенін қалай білуге болатындығын Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой айтып берді.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бар (бұрын олардың қызметін СЭҚ атқарған), олар байланысқа түскен топтарды іздеумен айналысады.

«Бұл туралы медицина қызметкерлерінен басқа ешкім біле бермейді. Бірақ қандай да бір ауру (сифилис, АИТ, менингит және т.б.) анықталса, осындай топ шығып, науқастан егжей-тегжейлі сұрастырады: ол қай жерде болды, кіммен байланысқа түскенін, қанша уақыт өткенін, бір журнал толтырып шығады, ол жерде арнайы әдіс бар. Жалпы алғанда, 3 сағаттан артық байланыста болған адамдар қауіпке ұшырайды. Бір пациентте 200-300 адамға дейін байланыс жасаған адамдар кездесетін кез де болады. Ағымдағы жылы менингитке шалдыққан 59 науқастан байланысқа түскен 4136 адам анықталды», - деді Цой.

Арнайы топ әр адаммен жеке сөйлесіп, әр адамның сипаттамаларын ескере отырып, антибиотикалық терапияны тағайындайды (біреуде төзімсіздік болады, біреулер басқа дәрі-дәрмектер ішеді, антибиотиктердің кейбір түрі тиімді болмауы мүмкін және т.б.).

«Дәрігерлер бәрін таразыға салуы керек. Сол үшін де олар медициналық оқу орнында 7 жыл оқиды, одан кейін клиникалық ординатруа бар. Қазір 3438 адам антибиотиктерді емдеу курсын аяқтады, 698 адам емді жалғастыруда (06.06.2018 ж. мәліметтер бойынша). Егер сіз қандай да бір жұқпалы аурумен ауырған науқаспен байланысқа түссеңіз, сізді өзіміз тауып аламыз, хабардар етіп, емдік шараларды қолданамыз», - деді ол.

Ол барлық байланыса түскен тұлғаларды іздестіру өте мұқият түрде жүргізілетінін ерекше атап өтті. Бригадалар барлық өңірлерде бар, сондай-ақ шұғыл ескерту жүйесі де жұмыс істейді.

«Бұл жұмыс тек менингитке шалдыққандармен ғана емес, барлық жұқпалы ауруларға арналған. Бұл сондай қызмет, тыныш, жасырын түрде қорғау жұмыстарын істейтін қызмет. Және бұл ежелден бері жалғасып келе жатыр», - деді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: