ҰБТ кезінде дәрігерлер мектеп оқушыларын менингиттен қорғайды

orken-media.kz
Емтихан өтетін барлық жерде дәрі қобдишасы мен медицина қызметкерлері болады, сондай-ақ алдын-алу шаралары қолданылады.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде ҰБТ барысында қолданылатын шаралар туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«20-30 маусым аралығында ҰБТ өтеді. Бұл іс-шара 147 елді мекенде ұйымдастырылады, онда барлық университеттегі, колледж және мектептердегі кабинеттері таңдалады. Біз ҚР БҒМ-мен барлық алдын алу мәселелерін талқыладық, Медицина қызметкерлерінің бақылауында өтеді. Барлық нүкте дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі. Адам саны көп болатынын түсінеміз, тестілеу ұзақтығы 3 сағат 50 минутты құрайды, ұйымдық сәттерді қосқанда 4 сағаттай», - деді Бекшин брифингте.

Денсаулық сақтау министрлігі ҰБТ ұйымдастырушыларына барлық орынды емтиханға дейін арнайы дезинфекциялау құралдарын пайдаланып, ауаны тазартып және дымқыл тазалау жүргізуге кеңес берді. Тестілеу кезінде есік пен терезе ашық болуы қажет.

«Біз тамақтану орындарында да, тестілеуге келген мектеп бітірушілердің тұрғылықты жерінде де алдын-алу шараларын жүргіземіз. Бұл да бақылауға алынатын болады. Бұл іс-шара, менің ойымша, менингококк инфекциясының жаңа жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді. Жағдай тұрақталды. Қоңырау соғу орталықтары жұмыс істеуде. Соңғы 24 сағат ішінде үш мыңнан астам қоңырау келіп түсті, барлығына жауап қайтарылып, консультациялар берілді - қайда бару керек, қалай емделу керек, мұндай жағдайда не істеу керек», - деді ол.

Бас санитарлық дәрігердің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда менингитке қатысты жағдай тұрақтанған. Соңғы бір күнде менингококк инфекциясына байланысты бірде-бір жағдай тіркелмеген. 20 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр: Алматыда - 13, Алматы облысында - 3, Астанада - 3, Қарағанды облысында - 1.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды