Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жертөлемізді жын-ойнақтың ордасына айналдырып жіберді. Астанадағы «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Жұрттың айтуынша, үйде жалға берілмеген қабырға қалмапты. Пәтер иелері кооперативі жертөледен бастап, техникалық қабатты да кәсіпкерлерге тапсырып тастаған. Пайдасын да өздері көріп отыр. Үй болса қараусыз. Жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы stan.kz Еуразия бірінші арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
-Нәзгүл жүріңіз сөйлесейік.
-Мұныңыз не кетіңіздер!
-Миллион жалақы алып отырсыздар!
Бұл коммуналдық шаруашылық қызметкері мен тұрғындардың текетіресі! Бірі ай сайын пәтер иелері кооперативіне не үшін ақша төлеп отырғанын түсінбей дал, екіншісі оған жауап беруге құлықсыз.
Шаңырақтықтардың шырғалаңы осымен 8 сегіз жыл қатарынан жалғасып келеді. Өйткені…
«Еден жуылмайды, жөндеу жұмыстары істелінбейді. Жертөленің барлығын осы кісілер жалға береді екен. 100 мың-180 мыңға кәсіпкерлерге тапсырып жатыр» – дейді тұрғындар
Тұрғындар тіпті, журналисттерге шағын экскурсия ұйымдастырудан да тайынбады.
-Не бар мұнда?
-Бұл жерде қонақ үй. Қазір көресіз ішін.
Белгілі болғандай тұрғын үйдің жертөлесінде расымен де қонақүй бар екен.
– Бұл жерге адамдар бір түнге келеді. Жезөкшелер үйі ғой. Үйімізді қонақ үйге айналдырып жіберген.
Бұдан бөлек, бала-бақша, квест, жарнама агенттігі, электр қуатын үйден алып әрі сол үшін көк тиын де төлемейтін дөңгелек жөндейтін орны тағы бар. Мәселе осымен шектелсе қане.Үйдің кейпіне де көңіл толмайды. Тапсырылғалы жөндеу көрмеген. Баспалдақтары мүжіліп, қасбеттері құлап жатыр. Одан қалса…
Былай тұрсаң жер үй. Ал, былай бұрылсаң тұрғын үй. Осы күнге дейін мәлелелі үйлер туралы талай сұмдықты көрдік. Тұрғын үймен, жер үй тоғысып жатыр. Ол аздай жер үйдің нәжісі құлап қалған. Ал, балконға шыққан тұрғындар осы ауамен тыныстайды.
Есесіне әр тұрғын ай сайын тұрақты түрде үйдің жөндеу жұмыстарына деп ашылған жинақтаушы қорға ақша өткізіп отыр.
«Айына 3 мың 130 тг төлейміз.Сонда жылына орта есеппен 2 жарым миллион теңгеге жуық осы үйтұрғындарынан ақша жинақталады» – дейдің тұрғындардың бірі.
Алайда, жауапты мамандар бұл мәселеге бас қатырып жатқан жоқ көрінеді. Көрерменге обьективті ақпар беру мақсатында біз оларды сөзге тарттық. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берудің орнына олар біздің өзімізді тергеудің астына алды.
-Басшылықтың телефон нөмірін беріңіз!
-Мен сізге беруге міндеетті емеспін!
-Жазыңыз!
-Сонда, не істейсіз? Мен міндетті емеспін сізге беруге!
Қалай болған күнде де, аталған мәселелерден әбден мезі болған тұрғындардың айтары бір.
«Біз кетпейміз, кск босатсын!» – дейді үй тұрғындары.
Жұрт мәселе шешілмегенше, бір адым да артқа шегінбейміз деп бекініп отыр.