Бүгін ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласындағы энергетикалық инфрақұрылымның бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Премьер-Министр Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында іске асырылған «ӨзенМұнайГаз» АҚ жаңа өндірістік базасы, «Өзен Жылу» МКК шағын ЖЭО аралап шықты.
«ӨзенМұнайГаз» АҚ нысанында Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынды цифрландыру және технологиялық жаңғырту барысымен танысты. Жаңа өндірістік база Болгарияда, Ресейде, Қытайда шығарылған заманауи станоктармен жабдықталғанын атап өту керек, оларды енгізу жөндеу жұмыстарының қуаттылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, мұнда Премьер-Министр мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының стандартталмаған жабдықтарын шығару және жөндеу процесімен танысты.
«Цех қуаттылығы жыл сайын 400 мың сорғы-компрессор құбырларын, 300 мың сорғы штангілерін, 10 мың тереңдік сорғысын жөндеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын 2017 жылғы желтоқсаннан бастап жұмыс істейді, мұнда 300-ден астам адам еңбек етеді», — деген цех директоры Б. Нұрлыбаев кәсіпорынды одан әрі жаңғырту жоспарларымен таныстырды.
«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Б. Абайылданов өз кезегінде процестерді автоматтандыру және сырттағы ұйымдардың қызметінен бас тарту алдағы жылдары орта есеппен 967 млн теңге көлемінде үнемді қамтамасыз ететінін айтты.
«Өзен Жылуды» аралау кезінде Бақытжан Сағынтаев Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында шағын жылу-электр стансаларын кеңейту және жаңғырту нәтижелерімен және 2018–2019 жж. жылу маусымына әзірлік барысымен танысты.
Қазандық директоры Әділбек Рубилов жеткізгендей, 2017 жылдың соңында ЖЭО-де Германияда өндірілген жаңа құбырлар іске қосылған, бұл «МАЭК–Қазатомөнеркәсіп» қызметінен бас тартып, сыртқы тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік берген.
Бүгінгі таңда шағын ЖЭО тұтынушылардың артуын ескерумен Жаңаөзен қаласының сұранысын қамтиды. Халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді: ол — қаладағы барлығы 245 үй, әлеуметтік нысандар — мектептер, балабақшалар, ауруханалар, сонымен қатар өнеркәсіптік аймақтағы кәсіпорындар.