Аллаһ (араб.: الله ) — бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. Араб сөздіктеріне сүйенсек "Аллаһ" сөзі "сиынуға лайықты жалғыз Құдай" деген мағынаға саяды. Аллаһ сөзі жалқы есiм болып табылмағандықтан, орыс тiлiнде қолданылғанында құдай сөзімен тең лауазым ретiнде есептелінеді, деп жазады Zakon.kz.
Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Аллаһ - бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Аллаһдан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Аллаһтың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаһға тең ешкім жоқ және бұл сөзді барлығы мойындап отыр. Аллаһ сөзінің маңызы зор. Барлық өте жақсы аттар және сапалардың иесi, тиiстi шын жаратушыға және құдайға теңестіреді, ол - жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және туылмайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақ та оны адамның айтулары бойынша сипаттауга болады.
Әлемде Алланың құдіреттілігін дәлелдейтін түрлі жағдайлар орын алуда. Солардың бірнешеуін ұсынуға жөн көрдік.
Елорда төрінде Хазірет Сұлтан мешітіндегі медреседе оқитын шәкірттің бірі Нұрсұлтан Нұрболов имамдарға ерекше тауық жұмыртқасын көрсетті. Баланың айтуынша, бұл жұмыртқаны оның тауығы жұмыртқалаған екен.
Шырайлы Шымкент шаһарында, тоғыз жолдың торабында, "Темірлан тас жолының" бойында орналасқан көпшілікке танымал мешіт бар. "Алғи Тойшыбек мешіті" деп аталатын құлшылық үйі өзінің әсемдігімен, азды-көпті жамағатымен ерекшеленеді. Мешіттің мұнарасында Алла жазуы пайда болған.
Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева үйінде ет асып, қазыдан араб тіліндегі сөзді байқап қалған.
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы мешіттің алдында бораннан соң қалған арабша жазу желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Қазалы қаласында тұратын Азамат Нұрмахановтың шаңырағында тосын оқиға орын алды. Бір бүйірінде «Алла», бір бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туған.
Мойнына қасиетті жазу түскен тай.
Құймаққа құдай "Алла" деген жазу түсірді.
Британия тұрғыны 31 жасар Асиф Икбалдың базардан алған қарбызы өзгеше болып шықты. Қарбызды кесе бергенде ортасынан «Алла» деген сөз шықты.