Қарағанды облысында балағат сөз айтқан әкім жауапқа тартылды

www.inform.kz
2018 жылдың 16 сәуірінде Қизат Сағатбеков жұмыс уақытында бас маманмен әңгімелесу кезінде дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ауылдық округ әкімінің қызметтік әдеп ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұдан бұрын Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында жұмыс істейтін бас маманның шағым түсіруіне байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, Қизат Сағатбековтің қызметтік әдеп ережесін бұзғаны анықталды», - деп мәлімдеді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Дәурен Оразбаев.

2018 жылдың 16 сәуірінде Қизат Сағатбеков жұмыс уақытында бас маманмен әңгімелесу кезінде дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтқан.

Қызметтің тексеру барысында ауылдық округтің әкімі қызметтік әдеп ережесін бұзғанын мойындады. Осылайша, Қарқаралы ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің әрекетінен ҚР Әдеп кодексінің 9-тармағы 7-тарақшасы және 5-тармағы 2-тармақшасын бұзу белгілері байқалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді