18 баланың әкесіне көмектесуге уәде беремін - Даниал Ахметов

ҚазАқпарат
Өңір басшысы Д.Ахметов көп балалы отағасы Виктор Кандыбаны еліміздің мақтанышы деп атады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің жеке қабылдауында болған көпбалалы әке өңір басшысына үй салуға жер телімін және шағын автобус алуға көмектесуін сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Семейлік Виктор Кандыба 51 жаста, заң жүзінде «көпбалалы әке» атағына ие. Отбасында 18 бала бар, оның он үші- ұл, бесеуі - қыз бала. Балалардың ең кенжесі 3 жаста, ал үлкені 26-да. Виктор тұрмыстық техниканы жөндеу шебері болып жұмыс жасайды, ал жары Ольга - үй шаруасымен, бала бағумен айналысады. Ұлдарының үлкендерінің бірі омарташы болса, тағы біреуі - құрылысшы.

Мұндай үлкен жанұя бір жаққа баруы үшін шағын автобус керек, ал көп бала қысылып-қымтырылмауы үшін жайлы бөлмелері болуы қажет.

Өңір басшысы Д.Ахметов көп балалы отағасы Виктор Кандыбаны еліміздің мақтанышы деп атады.

«Біз сізге жәрдемдесеміз. Бір ай көлемінде шағын автобусқа қатысты мәселені шешеміз. «Парыз» қайырымдылық қоры арқылы сіз үшін Семейден шағын автобус алдырамыз. Құрылысқа арналған жер телімін көзіңізше бөліп беремін. Бұл мәселе жылдам шешімін табу үшін барымызды саламыз», - деді Д.Ахметов.

Кездесу соңында облыс әкімі Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке бір апта ішінде Жер қатынасы басқармасының басшысы Виктория Баркусовамен бірлесіп аталмыш мәселені оңтайландыру үшін ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі