5 жасар қыз баланы жауыздықпен өлтірген 21 жастағы Семей қаласының тұрғыны Олжас Каленов 19 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс 2017 жылы 29 желтоқсан күні болған. Ол сол күні таңертең «Қазына» сауда үйіне келіп, сол жерде аспазшының көмекшісі болып жұмыс істейтін әйелінен пәтер кілті мен Айшаны алып кетеді. Азамат үйге келе жатып, жолай дүкенге кіріп, сыра сатып алады.
Үйге келгеннен кейін тағы да спирттік ішімдік ішуін жалғастыру үшін қайтадан дүкенге барған. Бронхопневмония ауруымен ауырып жүрген кішкентай қыз мазасызданып, өгей әкесінен арақ ішпеуін және өзіне көңіл бөлуін сұрайды. Бірақ ол өзіне ескерту жасап, мазалағанына ызаланып, оны қасақана өлтіруге бел байлайды.
Оны жатын бөлменің қабырғасына басымен және басқа дене мүшелерімен бірнеше мәрте соғады. 27 жерінен жарақат алған бала сол жерде көз жұмған.
О.Каленов қыздың анасы 1980 жылғы Айшамен 2017 жылдың тамыз айынан бірге тұра бастаған.
Олжас Каленов ҚР ҚК 99-бабы 2- бөлігінің 3, 5, 14-тармақтары бойынша көзделген ауыр қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, сот шешімімен оған 19 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.