Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті

zakon.kz
Екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.

Демалыс күні, 24 маусымда Алматыда екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Сүйінбай даңғылының бойында, Райымбек даңғылынан төмен жақта орын алды. Chevrolet Lacetti көлігі оңтүстік бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте оны жанынан солтүстік бағытта келе жатқан Lada Priora көлігі келіп соғады.

Соққының салдарынан Chevrolet көлігі қатты майысып, көліктен жанармай мен май аға бастайды.

Екі жүргізуші де зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Chevrolet көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алған, себебі соққы жүргізуші жақтан болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы