Ескендір Сүлейменовты қаққан жүргізуші, ІІД бастығының қызы болып шықты

zakon.kz
22 маусым күні Астанада жол апатынан ақын Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмған еді.

Астанада 22 маусым күні Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы қаққан. Бұл туралы Астана ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Мұхитова сол күні оқиға орнында болды. Оның ішімдік ішпегені, есірткі қолданбағаны анықталды. Кінәсін мойындады. Барлық тергеу әрекеттеріне қатысып жүр", — деді Әділов.

ІІД басшысының орынбасары Ескендірді көлігімен қаққан жүргізушінің әкесі құқық қорғау органдарында істейтінін растады.

"Жүргізуші Мұхитованың әкесі біздің қызметкер. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Болатұлы Мұхитов. Полиция полковнигі", — деп нақтылады ол.

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді. Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан.

Марқұмның құрбысы Ескендірді қаққан қыз "қарапайым емес" екенін айтқан болатын. Жас жігіттің туыстары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі