39 млн теңгені жымқырған басшы Чехиядан экстрадицияланды

zakon.kz
Қазіргі уақытта В.Чаплинский Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехиядан Владимир Чаплинскийді экстрадициялады. Бұл туралы zakon.kz ҚР Бас прокуратурасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Анықталған тұлғаны беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының тиісті сұраун Чехияның Әділет министрлігі қанағаттандырды.

Чаплинский 2007 жылы «Агат-7» ЖШС-нің директоры лауазымында болған кезінде, мемлекеттік мекемемен Балқаш қаласында мектеп салуға шарт жасасқан. Өзінің қызметін асыра пайдаланып, жұмыс актілеріне жалған мәліметтерді енгізгіп отырған. Оған 39 млн.теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік тағылды.

Чаплинский қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, халықаралық іздеуде болды.

Бас прокуратура оның елге берілу жұмыстарын 2011 жылдан бері жүргізіп келді.

Қазіргі уақытта В.Чаплинский Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы