Көкшетауда 3 жасар астаналық сәби терезеден құлап, көз жұмды

www.inform.kz
ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қайғылы оқиға 1 шілде күні М.Ғабдуллин көшесі 61 мекенжайында болған.

Көкшетауда 3 жасар ер бала тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қайғылы оқиға 1 шілде күні М.Ғабдуллин көшесі 61 мекенжайында болған.

«Анасы көз жазып қалған 2015 жылы туған ер бала көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бүлдіршін Ақмола облыстық балалар аураханасына жеткізілгенімен басынан және жамбас тұсынан алған дене жарақатынан көз жұмды», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, полицейлер баланың анасымен Астанадан Көкшетаудағы туыстарына қонаққа келгенін айтуда. Қазіргі кезде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды