Атыраулық полицейлер дәріханаларды тексеруде

www.inform.kz
Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау фактілері анықталған емдеу мекемелері ҚР ӘҚК-нің 423- бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысында есірткі заттарын заңсыз жарнамалау фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоспарлы алдын алу шарасы барысында Ішкі істер департаментінің қызметкерлері медициналық-профилактикалық мекемелер мен дәріханаларды тексерді. Полицейлер 6 жеке кәсіпкерге тиесілі 13 дәріханада болды. 6 дәріханада препараттарды рецепті бойынша жіберуде (ҚР ӘҚК-нің 426-бабында көзделген) бұзушылықтар анықталды», - деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ «№1 Атырау қалалық емханасы» ҚМК-да лицензиялау нормаларының бұзылуы анықталды.

Бұдан бөлек, «морфин» есірткілік препаратының пайдаланылған ампулалары жойылмаған болып шықты. Әкімшілік хаттама толтырылды.

«Рейд барысында есірткілік заттарды заңсыз жарнамалау және насихаттаудың 2 фактісі тіркелді. Жинақталған материалдар ІІД-нің Ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды», - делінген таратылған хабарламада.

Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау фактілері анықталған емдеу мекемелері ҚР ӘҚК-нің 423- бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды