Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға батып кетті

Рavlodarnews.kz
Ведомствоның баспасөз қызметінде екі жағдайда да қайғылы оқиға шомылуға орнатылмаған жерде орын алғанын атап өтті.

Павлодар облысында демалыс күндері үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға Ақсу қаласы мен Баянанауыл ауданында болған.

- 7 шілде күні Жасыбай өзенінде 17 және 18 жастағы жасөспірімдер суға батып кетті, - деді баспасөз қызметінде. – Олардың көзден таса болғаны туралы ақпарат жедел-құтқару жасағына сағат 16.15-те түскен. Құтқарушылар оларды бір сағат бойы су астында іздеп, 17.20-да екеуінің денесін шығарған.

Екінші оқиға, Ақсу кентінің Ертіс өзені Белая ағынында 8 шілде күні болған. 25 жастағы келіншек сағат 18.30-да суға батып, оны жергілікті тұрғындар 15 минуттан кейін жағалауға алып шыққан.

Ведомствоның баспасөз қызметінде екі жағдайда да қайғылы оқиға шомылуға орнатылмаған жерде орын алғанын атап өтті.

Сондықтан да құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.

Назым Қарабаева


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды